⚜️Атырау қаласының Жайық BINOM School қабырғасында «Мектептерде бірлескен SEL мәдениетін қалыптастыру» атты мазмұнды семинар өтті. Іс-шара Басқарма компаниясының ұйымдастыруымен, Астана қаласындағы BINOM мектептерінің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен жүзеге асты. Бұл кездесу – тек білім алмасу алаңы ғана емес, мектептегі ұстаз – ата-ана – оқушы арасындағы сенім мен серіктестікті нығайтқан ортақ диалог кеңістігі болды.