Бұл күн — ата-аналар мен оқушылар үшін мектеп өмірімен жақын танысудың ерекше мүмкіндігі болды. Қонақтарымыз заманауи оқу кабинеттерін аралап, білім беру жүйесімен, оқу бағдарламаларымен және мектептің құндылықтарымен танысты. Ашық есік күні — болашаққа жасалған маңызды қадам. Біз әр баланың қабілетін ашып, өзіне сенімді, саналы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасаймыз. JAIYQ BINOM — білім мен тәрбие […]
⚜️Атырау қаласының Жайық BINOM School қабырғасында «Мектептерде бірлескен SEL мәдениетін қалыптастыру» атты мазмұнды семинар өтті. Іс-шара Басқарма компаниясының ұйымдастыруымен, Астана қаласындағы BINOM мектептерінің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен жүзеге асты. Бұл кездесу – тек білім алмасу алаңы ғана емес, мектептегі ұстаз – ата-ана – оқушы арасындағы сенім мен серіктестікті нығайтқан ортақ диалог кеңістігі болды.
ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті ата-аналар! Сіздерді Атырау қаласындағы «JAIYQ Binom» мектебінде өтетін “Ашық есік” күніне шақырамыз! Күні: 17 қаңтар 2026 жыл Өтетін орны: «JAIYQ Binom» мектебі, Атырау қаласы. 🔹Назар аударамыз! 🕚 1–4 класс оқушыларының ата-аналары үшін: сағат 11:00 🕑 5–11 класс оқушыларының ата-аналары үшін: сағат 14:00 Барлық ата-аналарды асыға күтеміз!🥰💐 📢ОБЪЯВЛЕНИЕ Уважаемые родители! Приглашаем вас на День […]
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» және «Самұрық-Қазына жастары» ұйымының бірлесуімен «ISKER TALKS» жобасы аясында жұмысшы мамандық иелерімен кездесу «Жайық Binom School» мектеп-лицейінде өтеді. Іс-шараның мақсаты — оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен таныстыру, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.
BINOM SCHOOL қоғамдастығының «B-FEST» желілік фестивалінің тұжырымдамасын іске асыру және оқушылардың шығармашылық, ғылыми, спорттық әлеуетін дамыту мақсатында «B-FEST» мектепішілік кезеңінің жоспары бекітілді. Робототехника және жоба қорғау кезеңі B-DREAM- 2026 жылдың 3 сәуіріне жоспарланып отыр. Бұл бағыттың негізінде оқушылар өздерінің ғылыми-техникалық, инженерлік, шығармашылық, IT немесе бизнес жобаларын дайындап, қорғауы талап етіледі. Оқушылар мен ұстаздардан креативті ойлар, […]