BINOM SCHOOL қоғамдастығының «B-FEST» желілік фестивалінің тұжырымдамасын іске асыру және оқушылардың шығармашылық, ғылыми, спорттық әлеуетін дамыту мақсатында «B-FEST» мектепішілік кезеңінің жоспары бекітілді. Робототехника және жоба қорғау кезеңі B-DREAM- 2026 жылдың 3 сәуіріне жоспарланып отыр. Бұл бағыттың негізінде оқушылар өздерінің ғылыми-техникалық, инженерлік, шығармашылық, IT немесе бизнес жобаларын дайындап, қорғауы талап етіледі. Оқушылар мен ұстаздардан креативті ойлар, шығармашылық ұсынымдар, ерекше жобалар күтеміз!