Бұл күн — ата-аналар мен оқушылар үшін мектеп өмірімен жақын танысудың ерекше мүмкіндігі болды. Қонақтарымыз заманауи оқу кабинеттерін аралап, білім беру жүйесімен, оқу бағдарламаларымен және мектептің құндылықтарымен танысты.
Ашық есік күні — болашаққа жасалған маңызды қадам. Біз әр баланың қабілетін ашып, өзіне сенімді, саналы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасаймыз.
JAIYQ BINOM — білім мен тәрбие тоғысқан орта!